Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысын іске асыру мақсатында, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті осы бұйрықтың көшірмесін қоса отырып, бір апта ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және ресми баспасөз басылымдарына хабарласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 106 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|