«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды: 1) азаматтардың білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру; 3) білім беру сапасын басқаруды жүзеге асыру, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу; 5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу; 6) ғылым және жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету; 7) баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу; 8) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және білім, сондай-ақ ғылыми қызмет саласында халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|