Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жүйе бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрі - тиімділікті бағалау) негізгі ережелерін, қағидаттарын, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесін, тиімділікке бағалау жүргізу мен олардың нәтижелерін айқындау әрі нәтижелерге шағымдану тәртібін, сондай-ақ тиімділікті бағалауға қатысушылардың жауапкершілігін айқындайды.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі: 1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратты; 2) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды; 3) бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) шағымдану рәсімдерінен кейінгі тиімділікті бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|