Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 374 Қаулысымен күші жойылды
«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 406 қаулысымен бекітілген
Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталықтары) (бұдан әрi - Жасөспірімдер үйi) туралы үлгі қағидалары «Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес әзiрленді және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Жасөспірімдер үйi қоғамда жүріп-тұру нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған балалар ауылдары тәрбиеленушілерінің және балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат түлектерінің (бұдан әрі - әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдар) әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету мақсатында құрылады. 3. Балалар ауылының, балалар үйiнің, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың теңгеріміндегі жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйiн білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|