Халықтың мақсатты топтарына жататын жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 1782 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қалалық және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін. 2. Меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің жолдамаларына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін және тиісті келісім шарттар жасасын. 3. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Х. Бөртебаева): 1) қала бюджетінде тиісті жылға уақытша жұмысқа орналастыру мақсатына қаралған қаржы шегінде бекітілген қосымшаға сәйкес алты айға дейінгі мерзімге уақытша жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|