Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Сарыбұлақ - Зимұнай» газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 277 Қаулысымен бекітілді 2013 жылғы 12 қарашада күшіне енді
Өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасын қараңыз
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі: 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімді басшылыққа ала отырып, осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан блогында мұнайды және газды барлау мен өндіру бойынша жұмыстарды жүргізетінін және осы ұйымдардың тепе-теңдік, өзара пайда және ұзақ мерзімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделе отырып, Сарыбұлақ кен орнынан Қытай Халық Республикасына табиғи газды экспорттауға өзара уағдаластыққа қол жеткізетінін назарға ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кешенді әріптестікті дамыту мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ газ кен орнын Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Зимұнай қаласына Қазақстан Республикасының «Майқапшағай» - Қытай Халық Республикасының «Зимұнай» шекаралық пункттері арқылы біріктіретін жиынтықтаушы жүйесімен «Сарыбұлақ - мұнай» газ құбырын (бұдан әрі - газ құбыры) салу мен пайдалануды қолдауға келісті. Газ құбырының жобалық өткізу қуаты жылына 500 млн. текше метрді құрайды.
Газ құбырын жобалау, салу мен пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|