Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Ішкі істер министрліктерінің (келісім бойынша) және республикалық ведомстволық бағыныстағы құрылымдар мамандарының Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес іс-шаралары мониторингін өткізу бойынша шығу кестелерін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарының 70 тармағына сәйкес, сондай-ақ туберкулезге қарсы күрес және медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуге арналған туберкулезге қарсы күрес іс-шараларының мониторингін өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Ішкі істер министрліктерінің (келісім бойынша) және республикалық ведомстволық бағыныстағы құрылымдар мамандарының 2012 жылға арналған туберкулезге қарсы күрес іс-шаралары мониторингін өткізу бойынша өңірлерге шығу кестесі; 2) ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күресу үшін Жаһандық қордың 6-шы және 8-ші қаржыландыру раундының жобаларын іске асыру шеңберінде туберкулездің дәріге тұрақты түрлерінің менеджмент бойынша басқаруын мониторннгілеу және бағалау үшін мамандардың 2012 жылға арналған өңірлерге шығу кестесі бекітілсін; 2. Топтардың жетекшілері; 1) қажет болған жағдайда ведомстволық бағыныстағы, аумақтық денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының (келісім бойынша) мамандарын тартсын; 2) тексерулер аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тексерулер қорытындысы бойынша анықтамалар мен есептер ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ғ.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|