Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 417 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 446 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру тәртібін регламенттейді. 2. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын (бұдан әрі - атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттері мен дарындылығын қоғамның мойындағанын білдіру болып табылады және азаматтардың инновациялық белсенділігін арттыруды, олардың Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге арналады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|