Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы
Осы редакция 2005 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 18) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі бекітлсін. 2. Қазақстан республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары: 1) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерін 2005 жылғы 26 қаңтардан бастап табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдерінен шығару жөнінде тиісті шаралар қабылдасын; 2) табиғи монополиялар субъектілерін табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдерінен шығару және табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімдеріне енгізу туралы он күн мерзім ішінде хабардар етсін; 3) табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдерін облыстың (республика-лық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органдарына беру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрыққа берілген қосымшаға сәйкес монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар-ды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақ-тық органдарының назарына жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|