«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Міндеттер» деген жолдағы «1. Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру» деген сөздер «1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қаржыландыру көздері және көлемдері» деген жолда: «1 099 373» деген сандар «877 170» деген сандармен ауыстырылсын; «533 302» деген сандар «304 478» деген сандармен ауыстырылсын; «18 109» деген сандар «44 476» деген сандармен ауыстырылсын; «99 556» деген сандар «75 810» деген сандармен ауыстырылсын; «451 034» деген сандар «396 533» деген сандармен ауыстырылсын; «237 263» деген сандар «172 678» деген сандармен ауыстырылсын; «6 500» деген сандар «20 436» деген сандармен ауыстырылсын; «22 372» деген сандар «18 520» деген сандармен ауыстырылсын; «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімнің «Тұрғын үй қатынасының оңтайлы моделін құру» деген 1-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: «5.1. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету 2011 жылы сервистік компанияларды тарта отырып, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін басқару, күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі «пилоттық» жобаларды іске асыру. 2011 жылы кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуді қайтарымды қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу және енгізу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|