Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|