Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 803 Қаулысымен бекітілді 2012 жылғы 26 шілдеде күшіне енді
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Орталық Халық Үкіметі тиісті түрде өкілеттік берген Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі (бұдан әрі - Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы) осы келісімді жасасады, Қазақстан Республикасы мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тұрақты тұрғындары сапарларының талаптарын жеңілдетуге тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін «жол жүру құжаты» мыналарды білдіреді: 1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: - жарамды дипломаттық паспорт, - жарамды қызметтік паспорт, - Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты. 2. Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тұрақты тұрғындары үшін: - Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының жарамды паспорты.
1. Жол жүру құжаты бар және Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға, оқуға немесе тұруға ниеттері жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданы аумағына визасыз кіре алады, одан шыға алады, транзитпен өте алады және бола алады. Осындай әрбір келудің мерзімі он төрт (14) күннен аспайды. 2. Жол жүру құжаты бар және еңбек қызметін жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының аумағында оқуға немесе тұруға ниеттері жоқ Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының тұрақты тұрғындары Қазақстан Республикасының аумағына визасыз кіре алады, одан шыға алады, транзитпен өте алады және бола алады. Осындай әрбір келудің мерзімі он төрт (14) күннен аспайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|