ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 213 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
1. Осы «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады: 1) бухгалтерлердің кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби ұйымы) - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым; 2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі; 3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті; 4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және жауапты лауазымды тұлғалары, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының жауапты лауазымды тұлғалары; 5) мемлекеттік қызмет - бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру; 6) ЭҚАБЖ - электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде. 3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді. 4. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған түрде көрсетіледі. 1) 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң); 2) 2010 жылғы 26 мамырдағы «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 476 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|