«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, қыркүйек-қазан) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде: 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ортақ мүлiктегi кондоминиум қатысушылары үлесiнiң мөлшерi бөлек (жеке) меншiкте тұрған (өзге заттық құқықта) тұрғын үйдiң пайдалы ауданы мен тұрғын емес үй-жайдың ауданының осы кондоминиум объектiсiнде тұрған барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының сомасына қатынасымен белгiленедi.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде кондоминиум қатысушыларының уәкiлеттi өкiлдерi болып: 1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|