Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 795 Қаулысымен күші жойылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын: 1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ету; 2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары (бұдан әрі - ҒА) транспондерлерін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсету. 2. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) ғарыштық байланыс жүйелерін құруда және дамытуда бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу; 2) ғарыштық байланыс жүйелерін техникалық пайдалану және оларды басқару; 3) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ҒА транспондерлерін ұсыну жөнінде қызметтер көрсету; 4) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық ҒА транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ҒА қамту аймақтарын кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау. 3. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын: 1) ғарыш түсірілімдерін жоспарлау; 2) Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) деректерін алу; 3) ЖҚЗ деректерін өңдеу; 4) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ЖҚЗ деректерін тарату. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|