«Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есепті, «Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтарды прокурорлық қадағалаудың тексерулері мен актілерін есепке алу карточкасы» № 1 нысанды ақпараттық есепке алу құжатын және оларды толтыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 65 бұйрығымен күші жойылды
Прокурорлық есептілік нысандарын жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау бойынша жұмысы туралы» № 1 нысанды есеп осы бұйрықтың бірінші қосымшасына сәйкес; 2) «Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтарды прокурорлық қадағалаудың тексерулері мен актілерін есепке алу карточкасы» № 1 нысанды ақпараттық есепке алу құжаты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмысы туралы» № 1 нысанды есепті құру жөніндегі Нұсқаулық осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес. 2. Қазакстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 мамырдағы «Ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру және прокурорлық есеп нысандарын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 31 бұйрығының 1-қосымшасының күші жойылсын. 3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Бас әскери прокуратураға, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|