Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысының 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілді
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құзіреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс және ақпараттандыру салаларында реттеушілік, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өз атауы, мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан шығады. 5. Комитеттің, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапынан шығуға құқығы бар. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) штат саны шегінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрімен (бұдан әрі - Министр) келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді. Комитеттің аумақтық органдарының штат саны мен құрылымын Министрмен келісілгеннен кейін, Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|