Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 қаулысымен бекітілген
Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ереже
1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі шараларды келісу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) жабдық тобы - жаңарған будың бірдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы; 2) жабдықтың кіші тобы - тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы; 3) электр станциясының белгіленген қуаты - генерацияланатын электр станциясының, оның қуатын шектеуді шегере отырып белгіленген мәні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|