«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 102 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 жыл; №18, 218-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Миссиясы мен пайымдауы» деген 1-бөлімде: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал ететін жағдай мен туризмді дамыту үшін жағдай жасау»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстанның Орталық Азия өңірі туризмінің көшбасшысы ретінде халықаралық туристік қоғамдастыққа кірігуі.»; «Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қызметтің туристік саласын дамыту»
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша барлық бағыттар бойынша туристік ағынның артқаны байқалып отыр. 2010 жылы қызмет көрсетілген келушілердің саны 16 598,9 мың адамды (2009 жылы - 14 771,9 мың адам) құрады. 2010 жылдың қорытындысы бойынша 2009 жылмен салыстырғанда келушілердің жалпы саны 12,2%-ға артты. Туристік салада көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 11%-ға артты және 73 094,5 млн. теңгені құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|