Кезекші прокурорлардың Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасасу тәртібі туралы
Заңдылықты одан әрі нығайту және қоғамның, мемлекеттің және жеке адамның мүддесін тиімді қорғау мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың көліктегі ІІД бастықтары: 1) «Полициядағы кезекші прокурор - азаматтар құқығының кепілі» институтының енгізілуі және тиісті түрде әрекет етуі; 2) ішкі істер органдары ғимараттарындағы кезекші прокурорларды орналастыру; 3) ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында кезекші прокурорлар мен ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша барынша шаралар қабылдансын. 2. Облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлар кезекші прокурорлардың «Полициядағы кезекші прокурорлар туралы» ережемен айқындалған құқықтарының тиісті түрде іске асырылуын және міндеттерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін, 3. Алматы, Астана қалаларының, облыстардың көліктегі ІІД бастықтары: 1) кезекші прокурорларға қажетті жағдайлар жасап, сонымен бірге: азаматтардың негізсіз ұсталуының алдын алу мақсатында уақытша ұстау камераларын, ішкі істер органдарының қызметтік және өзге де үй-жайларын қарап шығуға; ішкі істер органдары ғимараттарында анықталған заң бұзушылықтардың заңда белгіленген тәртіппен жолын кесу бойынша шаралар қабылдауы; азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру; бас тартылған іс жүргізу материалдары және нарядқа жазылған материалдар бойынша қабылданған шешімдерді, Шағымдар мен хабарламаларды және өзге де қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпаратты есепке алу кітабында қылмыстар туралы хабарламалар мен шағымдардың дер кезінде тіркелуін, тергеуге дейінгі тексерулер мерзімін ұзартудың негізділігіне тексеру жүргізу; заң бұзушылыққа жол берген ішкі істер органдары қызметкерлерінен жауап алу үшін барынша мүмкіндік жасасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|