Қазақстан Республикасы химия және биология пәні мұғалімдерінің I Съезін ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 560 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарының 194-тармағына сәйкес және мектептегі химия-биологиялық білім беру сапасын арттыру мәселесін өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. 2012 жылғы 27-28 маусымда Өскемен қаласында «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру - XXI ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» тақырыбында Қазақстан Республикасы химия және биология пәні мұғалімдерінің І Съезі (бұдан әрі - Съезд) өткізілсін. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру - XXI ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» тақырыбында Қазақстан Республикасы химия және биология пәні мұғалімдерінің I Съезін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы; 2) «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру - XXI ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының химия және биология мұғалімдерінің Съезін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шарапар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 3. Құрылымдық бөлімшелердің және бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары іс-шаралар жоспарының сапалы және уақытында орындалуы бойынша шаралар қабылдасын, 4. Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті (бұдан әрі - Департамент) (Ж.А. Жонтаева) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының басшыларының назарына жеткізсін. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары іс-шаралар жоспарының сапалы орындалуын қамтамасыз етсін және ақпаратты 2012 жылғы 1 маусымда Департаментке уақтылы ұсынсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|