ҚР Yкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1266 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 820 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын) Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы тұрғындарының зейнетақы алу құқығының кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 8-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: «а)» тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «а) «өкілетті орган» термині: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Ресей тарапынан - Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ресей Федерациясының Зейнетақы қоры, дегенді білдіреді;»; 2) мынадай мазмұндағы «в)» тармақшасымен толықтырылсын: «в) «еңбек (сақтандыру) стажы» термині - зейнетақы алу құқығын айқындау кезінде Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының заңнамасына сәйкес ескерілетін еңбек қызметі кезеңі.»; 3) 3-баптың екінші бөлігіндегі «стажы» деген сөз «(сақтандыру) стажы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап
Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тұрақты тұруға кеткен Байқоңыр қаласының тұрғындарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|