Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 қаулысына 5 қосымша
Облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 401 қаулысымен бекітілген
«Жануарға ветеринариялық паспорт беру»
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламентінде (әрі қарай - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) тұтынушы - жеке және заңды тұлғалар: 2) уәкілетті орган - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органның бөлімшесі.
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органның ветеринариялық дәрігері (ветдәрігер) ұсынады. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттік қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 16) тармақшасының, 2-тармағының 20) тармақшасының, 10-1 бабының 12) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысының, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысының негізінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|