Орал қаласы бойынша жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы (2012.29.03. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жастар практикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға ұйымдастырылсын. 2. Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес, жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін. 3. Жастар практикасын өткізуді қаржыландыру шаралары бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырсын. 4. Орал қаласы әкімдігінің «Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар ұйымдастыру туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 584 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-206 тіркелген, 2011 жылғы 19 мамырдағы «Жайық үні» газетінде № 20 және 2011 жылғы 19 мамырдағы «Пульс города» газетінде № 20 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|