Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының 2012 жылғы 6 ақпандағы № 2-58 Бұйрығы
Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Н.Қосанов, өндіріп алушы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесі, № 146 үй тұрғыны Норузова (Яхьярова) Мехрибаням Акрамовна борышқор Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылы, Масутов көшесі, № 34 үй тұрғыны Норузов Демьян Демонұлынан кәмелетке толмаған балдарының асырауына алимент өндіруге сот бұйрығын шығару туралы арызын қарап, анықтағаны: Арыз беруші Норузова (Яхьярова) Мехрибаням Акрамовна борышқор Норузов Демьян Демонұлынан балалары, 09 қазан 1997 жылы туылған Норузов Бахтим Демьянович, 20 тамыз 1999 жылы туылған Демонов Курванжан Демьянович, 17 маусым 2005 жылы туылған Демонова Дильназ Демьяновнаның асырауына алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығаруға сотқа келтірген арызында, борышқор Д.Норузовпен 2011 жылдың қараша айынан бір отбасында тұрмайтынын, борышкер өз еркімен баласының асырауына ешқандай көмек көрсетпейтінін, сондықтан Д.Норузовтан өзінің пайдасына балаларының асырауына алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығаруды сұрайды. Іс материалдарын зерттеп, сот М.Норузованың арызы қанағаттандырылуға жатады деп есептейді және Д.Норузовтан оның барлық табысынан және (немесе) өзге де кірісінен баласы кәмелетке толғанша 1/2 бөлігінде ай сайын алимент өндіруге жатады, деп табады. Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138 бабының 1 бөлігіне сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|