Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын және Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 9-тармағына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысаны бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 3. Қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу департаменті: 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және одан кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық органдарының мәліметіне жеткізсін. 4. Мыналардың: 1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 316-ө «Қауіпті қалдықтар бойынша есеп нысанын және оны толтыру жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4998 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 23 қараша № 180 (1209) жарияланған); 2) «Қауіпті қалдықтар бойынша есеп беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 316-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 349-Ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 жыл 27 сәуір № 3 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|