Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.26.12. № 417 Қаулысымен алып тасталды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы № 149 қаулысына 5-қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметі мекен-жайы осы регламенттің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасында көрсетілген, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- уәкілетті орган), баламалы негізде «электрондық үкімет» порталы www.e-gov.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы көрсетіледі 2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының негізінде көрсетіледі. 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (құрамында медиа-бөлулері бар электронды мемлекеттік қызметтер). 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлғаға, сонымен қатар дербес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерге берілетін бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН); 2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпарат беруге, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, насихаттауға арналған жүйе (бұдан әрі-АЖ); 3) медиа-бөлулер - құжаттарды электронды нұсқадан қағазға немесе керісінше аудару керек болғанда электрондық және қағаз нұсқасындағы құжат айналымын кезегімен алмастыру; 4) тұтынушы - уәкілетті органға қызмет көрсету жөнінде ресми өтініш беретін немесе ЭҮП құралдары арқылы электрондық тапсырыс беретін жеке тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|