«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабының талабына сәйкес, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы көп балалы отбасы болып танылады
З. сотқа берген талап арызында, Тараз қалалық әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2010 жылғы 15 мамырдағы № 7 шешімімен оны отбасымен пәтерге мұқтаж азаматтардың кезегінен шығаруын заңсыз деп танып «Тұрғын үй» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі - МКК) өзін тұрғын үй кезегіне қайта қоюды мәжбүрлеуді сұраған. Ол арызында көп балалы отбасы ретінде пәтер кезегінде тұрғанын, кезегі келген кезде МКК үлкен қызы кәмелеттік жасқа толды деген себеппен оларды кезектен орынсыз шығарғанын, қызы кәмелеттік жасқа толғанымен оқу орнында оқып жүргенін, әлі де ата-анасымен бірге тұратынын көрсеткен. Тараз қалалық сотының шешімімен З.-ның талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Жамбыл облыстық соты апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған, кассациялық сот алқасы апелляциялық сот қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Прокурордың наразылығында сот актілері заң талаптарына қайшы қабылданғандықтан, олардың күшін жойып, З.-ның талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдау мәселесі қойылған. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы төмендегі негіздерге орай сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|