Атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін заңсыз иемденген кінәлінің атыс қаруының қолдануға жарамды не жарамсыз екенін сот анықтауға міндетті
А.: 1) 15.01.2007 жылы ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігінің «а, г» тармақтарымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, 19.07.2007 жылы оның әрекеті ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен қайта сараланып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. 19.12.2008 жылы 1 жыл 10 ай 11 күнге мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. 2) Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының № 2 сотының 2010 жылғы 16 маусымдағы үкімімен, ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігінің «а, в» тармақтарымен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігінің «а, г» тармақтарымен 8 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, 8 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 60-бабының негізінде түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. ҚК-нің II 13-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп танылған. Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. 3) Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының 2010 жылғы 17 қарашадағы үкімімен А. ҚК-нің 178-бабының 1-бөлігімен, 175-бабы 2-бөлігінің «б, в» тармақтарымен, ҚК-нің 58-бабының 2 және 6-бөліктерімен сотталып, 2010 жылғы 16 маусымдағы үкіммен тағайындалған жазаны қоса алғанда жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Ақтөбе облыстық соты апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 11 қаңтардағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|