Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы (2022.14.04. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2022.14.04. № 2 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2022.14.04. № 148/12 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: Павлодар облысы әкімдігінің 2022.14.04. № 2 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2022.14.04. № 148/12 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленсін. 2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|