АІЖК-нің 64-бабына сәйкес, заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады
Талапкер Т. жауапкер Г.-дан ортақ мүлікті бөлісу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Талап арыздың Атырау қаласы, Абай көшесіндегі 2-үйдің 1-пәтерін бөлу туралы бөлігінен бас тартылуына байланысты, Исатай аудандық сотының 2011 жылғы 26 шілдедегі ұйғарымымен іс өндірістен қысқартылған. Исатай аудандық сотының 2011 жылғы 26 шілдедегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, Атырау облысы Аққыстау кентінде орналасқан тұрғын үй Т.-ға берілген. Талапкерден жауапкер Г.-ның пайдасына ақшалай өтем ретінде - 4 333 997 теңге өндірілген. Г.-ға Атырау қаласында орналасқан пәтер беріліп, талапкердің пайдасына ақшалай өтем ретінде - 3 128 764 теңге жауапкерден өндірілген. Атырау облысы, Аққыстау кентінде орналасқан тойхана Г.-ға беріліп, жауапкерден талапкердің пайдасына ақшалай өтем ретінде - 17 115 500 теңге өндірілген. Сондай-ақ Т.-ның пайдасына Г.-дан сот шығыны ретінде 137 630 теңге, мемлекет пайдасына 108 151 теңге өндірілген. Тараптардың әрқайсынан «Атырау облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасы зертханасы» мемлекеттік мекемесінің пайдасына сараптама өндірісіне кеткен шығын - 9600 теңге өндірілген. Атырау облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Аталған соттың кассациялық сот алқасы апелляциялық сот қаулысын өзгеріссіз қалдырған. Г. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына берген өтінішінде іс бойынша қабылданған сот қаулыларымен келіспей, олардың күшін жойып, істі сотқа қайта қарау үшін жолдауды сұраған. Қадағалау сот алқасы тараптардың пікірін, прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын тексеріп, сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|