Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына кезең-кезеңмен беру жөніндеұсыныстар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 13-17/1674 тапсырмасын орындауүшін, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкесқұрамда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына кезең-кезеңмен беру жөніндеұсыныстар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 6 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұйымдастырушылық-құқықтық және қаржы мәселелерін пысықтай отырып, тиісті ұсыныстар енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін. 4. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 362 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 612 бірлескен бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына кезең-кезеңмен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|