Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2012 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарда прокурорлардың өкілеттіктерін тиісінше іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары (бұдан әрі - облыс прокурорлары), қалалық және аудандық, әскери прокурорлар және өзге де мамандандырылған прокурорлар қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік етуді және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды прокуратура органдарының қызметіндегі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді және қорғауды мақсат ететін маңызды бағыттардың бірі деп есептесін. Осыған байланысты: 1. Мемлекеттік айыптауға қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды қылмысқа қарсы күрестің пәрменді құралдарының бірі ретінде ұдайы жетілдіріп отырсын. 2. Жариялы және жеке-жариялы айыптаудағы барлық қылмыстық істерді сот талқылауына, сондай-ақ ҚР ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігіне сәйкес қозғалған істерді қарауға прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етсін. Қалалық, аудандық прокуратуралардың қызметкерлері әдетте, бірінші сатыдағы сот отырысына қатысады. Бас Прокурор және оның орынбасарлары бекіткен айыптау қорытындылары бар қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушылар Бас прокуратура басшылығының келісімі бойынша тағайындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|