ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» (2013.18.06. берілген өзгерістермен)
1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - министрлік) 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайында орналастырылған. 5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны министрліктің шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімі (бұдан әрі - министрліктің шешімі) негізінде бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру немесе қағаз түрінде министрліктің шешімін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|