ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген
«Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» (2013.18.06. берілген өзгерістермен)
1. «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - министрлік) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны кемеге (салынып жатқан кемеге) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (бұдан әрі - куәлік) беру не қағаз түрінде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетiледi. ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 612 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш (уәкілетті органға өтініш берілген сәттен бастап) - күнтізбелік 10 күн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|