Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысымен Бекітілген
Нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығы; 2) жоғары заң білімінің болуы; 3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту; 4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту; 5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы; 6) соттылығының болмауы. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. 1-тармақтың 3) тармақшасында көзделген біліктілік талаптары: 1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға; 2) тұрақты судьяларға; 3) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға қолданылмайды. 3. 1-тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік нотариустарға, олар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген кезде қолданылмайды. 4. ҚР Үкіметінің 2011.16.11. № 1346 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
|