Кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеуді пилоттық енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қорды ұстауды ішінара енгізу бойынша іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаториялық-емханалық ақы төлеуді пилоттық енгізудің іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеуді пилоттық енгізудегі жұмысшы топтың құрамы бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кешенді жан басына шаққандағы тариф бойынша амбулаториялық-емханалық ақы төлеуді енгізудің пилоттық жобасына қатысушы-денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстардың, Алматы және Астана қалалардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бастықтары (М.Қ. Құлжанов) (келісім бойынша) пилотты іске асыруды және белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын (Жол картасы)орындауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 415 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|