«Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Онкологиялық науқастарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу қағидаларында: 1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Лимфомамен ауыратын науқастардан басқа онкогематологиялық ауруларды қоспағанда, онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық көмекке ақы төлеу (бұдан әрі - ақы төлеу) республикалық бюджет қаражатының есебінен нысаналы ағымдағы трансферттер мен жергілікті бюджет түрінде кешенді тариф бойынша ДСБ мен онкодиспансердің арасында жасалған онкологиялық науқастарға ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жүзеге асырылады.»; 2) көрсетілген бұйрыққа 9- және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1- және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр А. Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 234 бұйрығына 1-қосымша Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|