Кеңестерді құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазанындағы № 1130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қаулысының 14 тармағы 43) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мынадай Кеңестер құрылсын: 1) Мәдениет саласын дамыту мәселелері бойынша; 3) Бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша. 2. Мынадай қосымшалар бекітілсін: 1) Мәдениет саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес туралы ереже; 2) Тілдерді дамыту бойынша кеңес туралы ереже; 3) Бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша кеңес туралы ереже; 4) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, Кеңестердің құрамы; 3. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 46 бұйрығымен бекітілді
Мәдениет саласын дамыту мәселелері бойынша кеңестің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мәдениет саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес (әрі қарай - Кеңес) өзінің жұмысын қоғамдық бастамада атқаратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналған консультативтік - кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан, Министрлік өкілдерімен, мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ шығармашылық одақтар мен өзге ұйымдар өкілдерінен құралады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 4. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|