Стандарттау мәселелері туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес кардиология, онкология қызметтерін, жедел медициналық жәрдем қызметін, қан қызметін ұйымдастырудың ұлттық стандарттарын әзірлеуге қатысты БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жанынан жұмыстарды үйлестіру үшін ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысшы тобы құрылсын. 2. Мынадай: 2.1. 2-қосымшаға сәйкес онкологиялық көмекті ұйымдастыру стандартын әзірлеу жөніндегі; 2.2. 3-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем қызметін ұйымдастыру стандартын әзірлеу жөніндегі; 2.3. 4-қосымшаға сәйкес кардиологиялық қызметін ұйымдастыру стандартын әзірлеу жөніндегі; 2.4. 5-қосымшаға сәйкес қан қызметін ұйымдастыру стандартын әзірлеу жөніндегі кіші жұмысшы топтар құрылсын. 3. Кіші жұмысшы топтар 2012 жылғы 1 тамызға дейін Министрлікке стандарттардың жобаларын ұсынсын. 4. Жұмысшы топқа (кіші жұмысшы топтарға) қажет болған жағдайда денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының тиісті мамандарын тартуға рұқсат етілсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Министрліктің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 380 бұйрығының күші жойылды деп саналсын. 7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының 2012 жылғы 20 маусымдағы № 424 бұйрығына 1-қосымша
Жұмысшы тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|