«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде: 3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын; 9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын. «9. Конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметіне жергілікті жерлерде алдын ала бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сапа саласында оқытудан өткен сарапшылар, конкурсты ұйымдастырушының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасынан сараптамалық топтар құрылады.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдары мен қызметін алдын ала бағалауды жүргізгеннен кейін 3 дана құжаттар жиынтығы мен сараптамалық қорытынды 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|