«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 846 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» (бұдан әрі - РЭҚ және ЖЖҚ) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрі - инспекция) көрсетеді. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттік қызметті жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» бөліміндегі (портал мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) рұқсат беру құжаттарын есепке алу жүйесі арқылы алу мүмкіндігі бар.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы стандарт және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын талап жөніндегі ақпарат: www.mtc.gov.kz интернет ресурсының «Байланыс» бөлімінің «Нормативтік құқықтық актілер» кіші бөлімінде бұдан әрі «Қаулыларда», сондай-ақ инспекцияларда орнатылған ақпараттық стенділерде орналастырылады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|