Қайтыс болған адамның асырауындағы жәрдемақы алуға құқылы адамдарды анықтағанда, барлық мүдделі жақтар сот отырысына қатыстырылуға тиіс
Ш. қайтыс болған баласы С.-ның асырауында болғаны туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұрап сотқа арыз берген. Қызылорда қалалық сотының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен Ш.-ның арызы қанағаттандырылған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Мүдделі жақ «AMANAT INSURANCE» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) іс бойынша қабылданған сот актісімен келіспей, оның күшін жойып, істі сотқа қайта қарауға жолдауды сұрап өтініш берген. Ш.-ның өкілі Г. дау келтіріліп отырған сот актісін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Азаматтық іс құжаттарын және өтініштің уәждерін зерделеп, тараптардың пікірін, прокурордың сот актісінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберуді сұраған қорытындысын тыңдап, қадағалау сот алқасы өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандыруға жатады деген тұжырымға келді. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Іс бойынша мұндай кемшіліктерге жол берілген. Іс құжаттарына қарағанда, Ш. мен Ж. 1984 жылы заңды некеге тұрып, 1994 жылы сот шешімімен ажырасқан. Осы некеден 1985 жылғы 24 қарашада ер бала С. дүниеге келген. Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін ұлдары С. анасы Ж.-ның асырауында қалған. 2011 жылғы 23 қыркүйекте арызданушының баласы С. қайтыс болған. Ол «ФракДжет» ЖШС-де бұрғышының көмекшісі болып жұмыс істеген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|