Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 508 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 310 қаулысымен бекітілген
«Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау»
1. Осы «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субъектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау); 2) аттестаттау туралы куәлік - мемлекеттің тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілердің қызметін тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы берген құжат; 3) құрылымдық функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері) (бұдан әрі-ҚФБ); 4) тұтынушы - жеке тұлғалар.
2. «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі және «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен және осы Регламентпен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|