Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдарына кейбір реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру функцияларын табыстау туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына және 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана мен Алматы қалалары бойынша департаменттеріне (бұдан әрі - Агенттіктің аумақтық органдары) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеуіне реттеу және бақылау жөніндегі функциялары табысталсын. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Жапсарбай) және Агенттіктің аумақтық органдары осы бұйрықтан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|