Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Шекара және кеден пункттерінде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу (2009.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1. Шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырудың осы Ережесi Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 20-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрленді. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шекара мен кеден пункттерiнде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау бекеттерiн ұйымдастырады (бұдан әрi - бекеттер). ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер алып өтiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiпті аурулары шыққан кезде өткізу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлік құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 4. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 5. Бекеттер мемлекеттік шекара арқылы өткізудiң осы пунктiнде белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 6. Бекеттердiң мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары өз жұмысында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады. 7. Бекеттердiң шекарадағы және кедендiк өткізу пункттерiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |