ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 175 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысымен бекітілген
«Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру»
«Метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет регламентiн қараңыз
1. «Метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҚазМетрИн) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 үй көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 17-бабының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚазМетрИн www.kazinmetr.org интернет-ресурсына орналастырылады. 5. Қағаз жеткізгіште өлшем құралын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру немесе жазбаша түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ҚазМетрИн мен алушы арасында жасалған шартпен көзделген мерзімде жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 20 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 15 минут. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету құны келтірілген шығын есебін ескере отырып, анықталады және оны ҚазМетрИн бас директоры бекітеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|