Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы
Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2012 жылғы 5 - 8 қыркүйекте Астана және Алматы қалаларында Эстония Республикасының Премьер-Министрі Андрус Ансиптің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+10» форматы бойынша Эстония Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2012 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Эстония Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|