ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1183 қаулысымен бекітілген
«Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою»
1. «Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 217 кабинет. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 21) тармақшасы және 17, 18-баптары негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталынан: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) интернет-ресурсынан: www.mki.gov.kz, сондай-ақ Комитетке 8 (7172) 74-05-38 телефоны бойынша хабарласу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет стандарты Министрліктің интернет ресурсында www.mki.gov.kz. мекенжайы бойынша «Мемлекеттік қызмет» бөлімінің «Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою» кіші бөлімінде орналастырылған. 5. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру не куәлік беруден жазбаша түрде бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. Куәлік осы стандарттың 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта беріледі. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда телнұсқасы беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде; 2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп уақыты - 30 минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|