Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау қағидасын бекіту туралы
Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 771 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26 бабының 2 тармағына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Күлімхан Майлыбекқызы Тоғызбаеваға жүктелсін.
2012 жылғы 13 тамыздағы № 605 қаулысымен бекітілген
қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тараз қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды. 2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары оқұға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады. 3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына оқытуға қабылдау тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|